Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Эльвира Әзімова жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жоғалғандар туралы пікір білдірді

2022 жылдың 17 қаңтар 2022 20:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жоғалып кеткен тұрғындар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желіде жоғалған азаматтар туралы хабарламалар бар. Олардың қатарында медициналық мекемелерге келген немесе ұсталғандардың қатарында болған адамдар да бар», - деді Эльвира Әзімова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, Ішкі істер министрлігінің ресми бөлімшелері мен Бас прокуратураның ресми өкілдері мұның себебін ақпараттық жүйелердің істен шығуынан деп түсіндірген.

«Тиісінше, ұсталғандардың жеке басын анықтау үшін уақыт әдеттегіден көп жұмсалды. Алматы мен Нұр-Сұлтандағы арнайы мекемелерге бару көрсеткендей, тәртіпсіздік күндері ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты ұсталған көптеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған және олардың туыстарына жаппай тәртіпсіздіктің алғашқы күндері хабар берілмеген», - деп түсіндірді Эльвира Әзімова.

Бұған дейін спикер ТЖ кезінде ұсталғандардың көбі ұрлық пен мародерлік үшін айыпталып отырғанын айтқан еді.

Сондай-ақ, адам құқықтары жөніндегі уәкіл тәртіпсіздік кезінде ұсталғандар қандай мәселелерге жиі шағымданатынын айтты.


Жоғары қарай