Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы Аманжол Қошановтың туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

2021 жылдың 19 мамыр 2021 18:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тұңғыш Президенті көрнекті ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі Аманжол Қошановтың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайты.

«Аманжол Қошанұлы саналы ғұмырын ғылым жолына арнап, отандық экономика теориясы саласын дамытуға қомақты үлес қосқан тұғырлы тұлға болатын. Ол еліміздің экономикалық мүдделері жүйесін жасау, ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты көптеген маңызды мәселелер бойынша іргелі зерттеулер жүргізіп, мемлекеттік ғылыми бағдарламалар жасауға атсалысты. Экономикалық теория бойынша өзіндік мектебін қалыптастырды», – делінген жеделхатта.

Елбасы Аманжол Қошановтың ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.


Жоғары қарай