Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығы аумағында орналасқан этноауылға барды

2021 жылдың 11 мамыр 2021 18:12

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығы аумағында орналасқан этноауылға барды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-дегі парақшасында жазды.

Жаңа нысан 18 ғасырдан көрініс беретін кешен Ахмет Ясауи кесенесінің жанында орналасқан.

Этноауыл қазақ даласының XVIII-XIX ғасырдағы өмірін бейнелейтін жоба саналады. «Әзірет Сұлтан» мәдени қорығының буферлік аймағы мен Ахмет Ясауи кесенесінің бекініс қабырғасы, этнографиялық мұражайдың ортасында орын тепкен. Интерактивті этно-ауылдың ауданы 16 мың шаршы метрді құрайды. Кесенеге келушілер қазақ халқының бай мәдениетімен танысып, тіпті көне заттарды қолдарымен ұстай алады. Көшпеділер өркениетінен көрініс беретін этноауылдың аймағында қазақ даласындағы тұтас бір дәуір бейнеленген.










«Этноауыл арқылы XVIII-XIX ғасырдың атомосферасын көрсеттік. Гастрономиялық аймақта Орта Азия елдеріне тиесілі аспаздық өнерді көруге болады. 7,8, 12 қанатты сынды барлығы 9 түрлі өлшемдегі киіз үйлер мен «хан сарайы» тігілген. Ауыл маңында жылқылардың «Табын» мүсіндік композициясы бейнеленген. Ежелгі құдық, садақшыларға арналған атыс тирі де қойылған. Бірнеше аймаққа бөлінген ауылдың жалпы көлемі 3 гектар . Жоба этнографтардың, тарихшылардың ақыл, кеңесі бойынша жасалған. Бұл жерде бабалардың заманын тек көріп қана қоймай, тамақты аспаздармен бірге пісіріп, шеберлермен бірге түйін түюге мүмкіндік бар. Түрлі көріністер түсіруге болады», - деді жобаның ұйымдастырушысы Айко Төкен.




Интерактивті режимде ежелгі әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді қалпына келтіруді көздейтін этномәдени орталық жұмыс істейді. Келушілер сауда базарын, ежелгі құдық, қолөнер шеберханалары сынды көне кезеңнің көріністерін көзбен көре алады. Бағзы заманның әдісімен ағаш өңдеу, тоқыма тоқу және киіз басу, қыш, зергерлік шеберхана, тас қалаудың қалай жасалатынын да үйренуге мүмкіндік бар.











Жоғары қарай