Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы бастамаларының әр бағыты бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуі тиіс – Вячеслав Вавилин

2020 жылдың 13 қараша 2020 14:30

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Вячеслав Вавилин ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген барлық бастамалардың өзекті екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында бірқатар проблемалық тақырыптарды көтерді. Әр айтылған мәселе қазіргі уақытта өзекті болып отыр. Осы орайда біз білім беру саласында, мемлекеттік тілді дамыту, коронавирус пандемиясы жағдайында халықты қолдау бойынша жұмысты ары қарай жалғастыруымыз керек», - дейді Вячеслав Вавилин.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев бастамаларының әр бағыты бойынша ауқымды жұмыс атқарылуы тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО әкімі Даниал Ахметов Қазақстанның этносаралық қатынастар моделі басқа елдерге үлгі екендігін айтқан болатын.


Жоғары қарай