Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы: Білімді жастардың арқасында ғана келешегіміз баянды болады

2020 жылдың 1 желтоқсан 2020 21:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел бастайтын дарынды әрі білімді жастардың арқасында ғана келешегіміз баянды болады. «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрбір 10 немесе 20 жылда зымырап заман өзгеріп бара жатыр. Әсіресе ғылым мен технологияға байланысты. Қазіргі алған білімің 10 жылдан кейін керек бола ма, болмай ма?! Университет бітірген жастардың мамандығы 10 жылдан кейін керек пе, керек емес пе? Қазіргі сараптама бойынша әрбір 10 жылда мамандық өзгеріп тұрады. Қазіргі мамандықтар жоқ болады. Орнына жаңалары келеді. Не істеу керек? Соған бейімделуіміз керек. Жастар бейім болуы үшін ең негізгі білімге орын беру керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, жастар үшін алда бір жағынан қиыншылықтар, екінші жағынан ғажайып жаңа өмір келе жатыр.

«Басқасын қойып осыны ойлау керек. Ол әр жастың өзіне де, еліне де керек. Осы 30 жылдың ішінде қазір 30-ға келгендер басқа қазақтар, басқа жұрт, басқа қазақстандықтар. Ұқсамайды бізге. Неге мен оларды шетелде оқыттым? Неге мына жерде Назарбаев Университетін салдым. Дарынды жастар үшін мектептерді аштым. Солардың ішінен шығып, ел бастайтын талантты, білімді жастар көбірек болса, келешегіміз баянды болады», - деді Елбасы.


Жоғары қарай