Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы: Бірегейлігіміз - ұлттық кодымыз

2020 жылдың 11 қараша 2020 17:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірегейлігіміз - ұлттық кодымыз. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жетістіктерінің бірі «Туған жер» жобасы аясында 12 мың меценат өздерінің кіші отандарына 270 млрд теңгенің инвестициясын салды. Еліміздің барлық өңірлерінде 4,7 мың әлеуметтік-мәдени нысан жаңартылды. Біз елдің әлеуметтік және мәдени ортасын өзгертудеміз», - деді Елбасы.

Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті ел азаматтары қиын сәттерде де ұйымшылдық танытып, бір-біріне қолдау көрсетіп келе жатқандығын баса айтты.

«Мәселен, Арыстағы, Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы оқиғалар кезінде елді мекендер қирап, көптеген адам баспанасыз қалды. Сол кезде әдеттегідей бүкіл Қазақстан жұмылды және жаңа елді мекен мен жаңа қала салды. Бұған дейін де Алматы облысындағы су тасқынынан, Шығыс Қазақстандағы жер сілкінісінен соң осылай болған еді. Коронавирус инфекциясы індеті жағдайында Ассамблея аз қамтылған отбасыларға, дәрігерлерге, мектеп оқушылары мен олардың отбасыларына көмек көрсетті. Осылайша, барлық қазақстандық өз проблемасымен жалғыз қалып қоймайтындығын біледі. Егер проблема туындасы біздің барлығымыз көмекке келеміз. Біздің әр азаматымыз үшін мықты, жауапкершілігі зор мемлекет бар және Ассамблеяда бұл мәселеде соңғы орында емес. Жоғарыда айтылғандардың бәрі топтаса келе біздің бірегейлігіміздің негізгін құрайды. Бірегейлігіміз - ұлттық кодымыз», - деді Елбасы.


Жоғары қарай