Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректорын қабылдады

2020 жылдың 1 қазан 2020 21:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры Тілектес Есполовты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев университеттің отандық аграрлық сектор үшін жоғары білікті мамандар даярлау бойынша жүргізіп жатқан жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті инновациялық технологияларды енгізу және аграрлық ғылымды дамыту мәселесіне тоқталды. Осы орайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған отандық ғылым саласын қолдау мен дамытудың жаңа тәсілдерін енгізудің өзектілігі атап өтілді.

– Өскелең ұрпақтың тәрбиесі жеке тұлғаның адамгершілік және азаматтық жауапкершілігін дамытуға бағытталған. Бұл үдерісте толеранттылық, ұлтаралық келісім, патриотизм, заңға бағынушылық және еңбекқорлық негізгі бағыт болуы керек, – деді Елбасы.

Кездесуде Т.Есполов Нұрсұлтан Назарбаевқа жоғары оқу орнына зерттеу университеті мәртебесі берілгені жөнінде мәлімдеді.

Жоғары қарай