Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады

2021 жылдың 15 маусым 2021 18:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде мұнай-газ саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспары талқыланды.

– «Лукойл» компаниясы Қазақстанда бұрыннан келе жатқан ірі инвесторлардың бірі. Сіздер «Теңіз», «Қарашығанақ» сияқты кен орындарында жұмыс істейсіздер, «Каспий құбыр консорциумының» инфрақұрылымдық жобасына қатысып жатырсыздар, – деді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы.

В.Алекперов Елбасыға бірлескен жобаларды іске асыру, соның ішінде Каспий теңізіндегі бірқатар кен орындарын игеру арқылы Қазақстан экономикасына салынатын инвестиция көлемін арттыру жоспары туралы айтып берді.


Жоғары қарай