Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.77
EUR 427.26
RUB 6.00
CNY 54.56

Елбасы МАГАТЭ Бас директорының қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

2019 жылдың 23 шілде 2019 18:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев МАГАТЭ-нің Бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының ресми сайты.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы тығыз ынтымақтастық Юкия Аманоның жан-жақты қолдауының арқасында мүмкін болды.

Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Амано мырзаның отбасына, Агенттік ұжымына және Жапон Үкіметіне көңіл айтамын.

Юкия Аманоны беделді және халықаралық қауіпсіздіктің нығаюына орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтын боламыз», - делінген жеделхатта.

Жоғары қарай