Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы мақаласы бізге үлкен жауапкершілік жүктейді - Абай музейінің директоры

2020 жылдың 7 қазан 2020 16:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбай Елбасының Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» мақаласын үлкен тебіреніспен оқып шықтым. Бірден музей қызметкерлерімен жиналып фәлсапалық мәні терең мақала туралы ой бөлістік. Тамыры терең, көкжиегі көркем мақаланы Абай музейінің қуанышы деп қабылдадық. Оның себебі де жоқ емес. Біздің музейде тәуелсіздік кезеңіндегі абайтануға арналған арнайы экспозиция бар. Елбасының «Абай аманаты» мақаласы бізге жол көрсетті, осы бағытты жарқырата ашып берді. Сондықтан биік парасатпен жазылған мақала – Абай музейінің өз қуанышы», - деді Тұрдықұл Шаңбай.

Қорық-музейінің директоры Елбасы осы мақаласында аталған музей туралы арнайы жылы лебіз білдіргенін атап өтті.

«Мақалада: «Абайдың өмірі мен шығармашылығын тұтас қамтитын «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музей құрылды. Жидебайда үш жүз алпыс әулиелі мекен Маңғыстаудан әкелінген ұлутастардан ақшаңқан күмбезді Абай-Шәкәрім кесенесі тұрғызылып, оның ашылу рәсімінде бұл орынның енді әр қазақ үшін рухани Меккеге айналғанын атап өттім», деп жазылған. Елбасының даналықпен айтылған сөзі ақиқатқа айналды. Абай музейі Қазақстаннан, шет елден қонақтар арнайы іздеп келетін рухани Меккеге айналғаны рас. Елбасының осы мақаласы бізге қуанышпен қатар, үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені терең таныммен жазылған мақалада Абай музейінің мазмұнын ашатын ойлар мол. Мақалада айтылған мол мәлімет музейдің мазмұнын ашуға үлкен ақылшы болары анық. Біз соған қуандық», - дейді Тұрдықұл Шаңбай.


Жоғары қарай