Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елбасы медалі: Шығыс Қазақстанда 438 жас жобаға қатысуға өтініш берген

2020 жылдың 18 маусым 2020 04:45

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Елбасы медалі» жобасына қатысуға 438 адам өтініш білдірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы медалі» белсенді және талапты жастарды қолдауға бағытталған жоба. Оған «Тұңғыш Президент» қоры қолдау көрсетуде. Бұл туралы ШҚО ақпарат орталығында өткен баспасөз брифингі барысында облыстық Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова мәлімдеді.

«Жобаға қатысушыларға жеті бағыт ұсынылады. Атап айтсақ, «Спорт және дене шынықтыру», «Кітап оқу», «Дарын мен дағды», «Ұлттық мұра», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар» және «Еңбек тәжірибесі». Бағдарламаны әзірлеу барысында үздік әлемдік тәжірибе қолданылған. Байқаудың шарты бойынша оған 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады», - деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, «Елбасы медалін» әрбір қазақстандық жас буын иелене алады. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz онлайн платформасына тіркеліп, ұсынылған «алтын», «күміс» немесе «қола» бағыттарын таңдау керек.

«Қатысушылар тәлімгердің көмегімен жеке даму бағдарламасын жасайды. Тіпті оған мүмкіндігі шектеулі жандар да қатыса алады. Медаль иегерлерінің ұпайлары тең болған жағдайда ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен білім грантын және облыс әкімінің грантын алуға толық құқығы бар. Әрине, бұл - жағымдық жаңалық. Біздің облыста да «Елбасы медалі» бағдарламасын дамытуға барлық жағдай жасалды. Оған аймақ басшысы Даниал Ахметов те қолдау көрсетіп отыр. Бүгінде бұл жобаға қатысуға 438 шығысқазақстандық өтініш білдірді. Алдағы уақытта олардың саны артады деп сенеміз, - деді Сайрангүл Жұмаділова.


Жоғары қарай