Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы Премьер-Министрдің кандидатурасына қатысты пікір білдірді

2021 жылдың 14 қаңтар 2021 17:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында Үкімет басшысының кандидатурасына қатысты пікір білдірді.

«Менің ойымша, сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындыққа қарамастан, Үкімет өз жұмысын жақсы атқарды. Басқа елдерге қарағанда біз жаман нәтиже көрсеткен жоқпыз. Егер Президент Асқар Ұзақбайұлы Маминді ұсынса, онда мен фракциядан оның кандидатурасын қолдауды сұраймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сөз соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті депутаттарды тағы да өткен сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтап, фракция мүшелерінің жұмысына сәттілік тіледі.


Жоғары қарай