Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы Путинмен өңірдегі қазіргі ахуалдың даму барысын талқылады

2020 жылдың 7 қазан 2020 19:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Владимир Путинді туған күнімен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат пен достас Ресей халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.

Елбасы Ресей Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірдегі қазіргі ахуалдың даму барысын талқылап, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Соңында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың үлгі боларлықтай жоғары деңгейін және қарым-қатынастарды екі елдің мүддесіне сай одан әрі дамытудың келешегі зор екенін атап өтті.


Жоғары қарай