Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы Шымкенттегі «Казмедприбор» ЖШС қызметімен танысты

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 15:45

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласында медициналық құрал-жабдықтар, медициналық жиһаздар мен медициналық көліктер шығаратын кәсіпорында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасының ресми сайтында мәлім етілгендей, 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Казмедприбор» ЖШС 15 мыңнан астам медициналық құрал-жабдық, 120 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 742 жедел жәрдем көлігін жасап шығарды. Кәсіпорын 2005 жылы құрылған.

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Елбасыға жеке инвестордың қаражатына салынатын 1000 орындық көпсалалы университеттік аурухана құрылысы туралы ақпарат берді. Жаңа медициналық мекемеде ана мен бала орталығы, хирургиялық, терапевтік орталықтар, сонымен қатар бір ауысымда 700 адамға қызмет көрсететін клиникалық-диагностикалық орталық жұмыс істейтін болады деп жоспарланып отыр.





Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы А.Есімов пандемия кезінде ұлттық әл-ауқат қоры тарапынан денсаулық сақтау жүйесі мен отандық өндірушілерді қолдау үшін қабылданған шаралар туралы айтты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа елорда мен Алматыда медициналық орталықтар салу жөніндегі тапсырманың орындалу барысы баяндалды.

А.Есімов Елбасына 3000 дана көлемінде «Авифавир» дәрісін сатып алу және коронавирусқа қарсы вакцина жеткізу бойынша жасалған келісім туралы мәлімет берді.

«Казмедприбор» ЖШС ш ығаратын негізгі өнім түрлері: медициналық машиналар; өкпені жасанды жолмен тыныстандыратын аппараттар (турбиналық, неонаталдық, портативтік); пациенттерге арналған мониторлар; электрокардиография аппараты; зертханалық шкаф; функционалды кереуеттер және т.б.





Өндірістік қуат көлемі: медициналық құрал-жабдық – жылына 50 мың дана; медициналық жиһаз – жылына 150 мың дана; медициналық көлік – жылына 1000 дана. Сонымен қатар өнімнің жаңа түрлері – өкпені жасанды жолмен тыныстандыратын турбиналық аппарат, жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатор, жаңа туған нәрестелерге арналған өкпені жасанды жолмен тыныстандыратын аппараттар шығарады. Қазақстандық қамту үлесі 51,2-тен 98 пайызға дейін.








Жоғары қарай