Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елбасы Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты

2020 жылдың 2 тамыз 2020 17:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев Ж.Үшкемпіровтің өмірдегі әрбір қадамы мен атқарған істері өзінің есіміне сай, жан-жағына тек жақсылық пен ізгіліктің шуағын шашып жүретін, халқымыздың шынайы мақтанышына айналған ұлы перзенттерінің бірі болғанын атап өтт і.

«Ол грек-рим күресі бойынша қазаққа алғашқы болып әлемнің ең басты атағын сыйлады. Кәсіпкерлікпен де табысты айналысып, ел экономикасының өркендеуіне лайықты үлесін қоса білді. Қайырымдылық іс-шараларға белсене атсалысып, кәсіпкерлік тәжірибесін өзгелермен бөлісіп, жақсы үлгі мен өнеге көрсетті.

Мен онымен өткізген кездесулерімді әркез ризашылықпен еске аламын. Отандастарымыз да оның есімі мен еңбегін ұмытпайды деп сенемін», - делінген жеделхатта.

Еске салайық, бүгін Жақсылық Үшкемпіров қайтыс болды.



Жоғары қарай