Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елдегі автосалондар ай сайын 7 мың көлікпен толығып отырады

2022 жылдың 16 мамыр 2022 13:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан автобизнесі қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Анар Мақашева 4 пайыздық автонесиеге өтінім берушілердің кейбір маркадағы көліктердің тапшылығы туралы шағымы қашан қанағаттандырылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда ай сайын 7 мың автокөлік өндіріледі. Яғни қазіргі кезеңде елдегі бүкіл автосалондарда 7 мың көлік бар деп айтуға болады», - деген қауымдастық өкілі 4 пайыздық несие алушылардың үлкен сұранысын туындатып отырған Hyundai маркалы көліктердің өндірісі жыл ортасынан бастап көбейетінін мәлім етті.

«Мысалы, Hyundai өкілдері шілде айынан бастап ай сайын 4 мыңдай автомобиль қолжетімді болатынын айтып отыр. 4 пайыздық автонесие бойынша алсақ, бір несие алушыға берілетін жалпы лимит 10 млн теңге деп көзделген. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» жеңілдетілген автонесиеге бөлген ақшаның жалпы сомасы – 100 млрд теңге. Сонда кем дегенде 10 мың адам осы шарт бойынша несие алады деген сөз. Егер Hyundai ай сайын 4 мың көлік жеткізе алатынын айтып отырса, алдын ала брондау жасаған тұтынушылардың бәрі алдағы 1-1,5 айда өз көліктерін алады деген сөз. Ең бастысы байбаламға бой алдырмау керек», - деді Анар Мақашева брифингіден кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие беру басталды.


Жоғары қарай