Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елдегі саяси және қоғамдық күштер халық бірлігін нығайту жөнінде меморандум қабылдағаны дұрыс - Нұрсұлтан Назарбаев

2020 жылдың 11 қараша 2020 16:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елдегі саяси және қоғамдық күштер халық бірлігін нығайту жөнінде меморандум қабылдағаны дұрыс. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдегі саяси және қоғамдық күштер халық бірлігін нығайту жөнінде меморандум қабылдағаны дұрыс. Ол меморандумды дайындауымыз керек. Ассамблея осы бастаманы қолға алса, дұрыс болар еді. Бірлік, келісім, теңдік - біздің негізгі принциптеріміз. Оларды қорғауға барлығымыз күш салуымыз керек. Ассамблеяны жалпыазаматтық және жалпыұлттық институт ретінде дамыта беруіміз керек», - деді ҚР Тұңғыш Президенті

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның орталық аппаратының, өңірлік құрылымдардың және этномәдени бірлестіктердің тиімділігін арттыру қажет деп есептейтіндігін баса айтты.

«Бұл ең әуелі Ассамблеяға «Қазақстан-2050» стратегиясы алға қойған ауқымды міндеттерді, сонымен қатар, 30 өсіп-өркендеген елдің қатарына қосылу мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біздің жұмыс істейтін бағдарламамыз бар. Қазір бәріміз қиын жағдайда тұрмыз. Дегенмен, мықты мемлекет құрдық, аяғынан тік тұрғыздық. Қазір күшіміз де, қаражатымыз да бар. Бұл тоқыраудан да шығамыз. Енді қазір ары қарай өрлеу, өркендеу мәселесін алға қоюымыз керек», - деді Елбасы.


Жоғары қарай