Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Елдос Сметов бастаған дзюдошылар Будапештегі Гран-при турнирінде бақ сынайды

2019 жылдың 5 шілде 2019 18:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 12-14 шілде күндері Будапеште дзюдодан өтетін әлемдік Гран-при турниріне қатысатын ел құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткендей, айтулы додаға 85 елден 600-ден астам спортшы қатысып, бақ сынамақшы. Ұлттық құрама сапында 16 дзюдошы ел намысын қорғайды.

Атап айтқанда, ерлер арасында мына балуандар татамиге шығады:

Елдос Сметов (-60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)

Елдос Жұмақанов (-66 кг)

Ерлан Серікжанов (-66 кг)

Жансай Смағұлов (-73 кг)

Ақылбек Серік (-73 кг)

Дидар Хамза (-81 кг)

Руслан Мусаев (-81 кг)

Ислам Бозбаев (-90 кг)

Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг)

Айбек Серікбаев (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Әйелдер:

Анна Казюлина (-52 кг)

Севара Нишанбаева (-57 кг)

Ақниет Тұрдан (-63 кг)

Назгүл Маратова (+78 кг).

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай