Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Электр энергиясының 3 пайызын жаңартылатын энергия көзінен алу керек - Роман Скляр

2020 жылдың 25 ақпан 2020 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы электр энергиясының 3 пайызын жаңартылатын энергия көзіне алу керек. Бұл туралы бүгін Энергетика министрлігінің алқа отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұтынушылардың электр және жылу энергиясымен сенімді жабдықталуы - бұл электр энергетикасы саласының негізгі міндеті. Мұны үнемі бақылауда ұстау қажет. Бұл ретте жаңаратын энергетиканың өсім көрсетіп отырған нарығына айрықша назар аударған жөн», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Роман Скляр 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 77,8 пайыз өсіммен 2,4 млрд кВт/сағат «жасыл» энергия өндірілгенін еске салып өтті.

«Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі «жасыл« энергия үлесі 2,3 пайызды құрады. 2020 жылы бұл көрсеткішті 3 пайызға дейін ұлғайту керек», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Айта кетейік, ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың дерегінше, 2020 жылы жалпы қуаты 605,5 МВт-ты құрайтын 18 жаңаратын энергия көздері нысанын салу жоспарлануда. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК өндіру жоспары шамамен 3 млрд кВт-сағатты құрайтын болады.



Жоғары қарай