Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Электронды декларациялау кедендік рәсімдерді жетілдіруге мүмкіндік береді

2021 жылдың 28 сәуір 2021 13:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ашылған уақыттан бастап, яғни 7 айда Мемлекеттік кірістер комитетінің Электронды декларациялау орталығы тарапынан 3 млрд теңгеден астам кедендік төлемдер мен салықтар бюджетке қосымша есептелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылы Қазақстанда толықтай электронды кедендік декларациялау енгізілді, оны сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар лайықты бағалады. Бүгінде, 3 жылдан кейін кедендік рәсімдерді жетілдіру мақсатында озық ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электронды декларациялау орталығы жұмыс істей бастады. «Электронды декларациялау орталығы» - мемлекеттік кірістер органдарындағы жаңа бөлімше, электронды декларациялауды дамыту жолындағы жаңа кезең. ЭДО құрудың негізгі міндеттерінің бірі кедендік операцияларды жасау процесінде кеден органы мен декларанттың өзара іс-қимылын барынша азайту болды. Іс жүзінде солай болып жатыр, декларациялау түйіспесіз, «АСТАНА-1» Ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетті. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл Telegram-арна арқылы жүзеге асырылады», - делінген ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінде.

Қазіргі уақытта Орталық арқылы ресімдеуге 13 өңір қосылған. Қалған облыстар қосылғаннан кейін, кедендік бақылау бір орталықта жүзеге асырылатын құжаттық бақылау және тауар орналасқан жерде жүргізілетін тексеру мен қарауды қамтитын нақты бақылау болып бөлінеді.

15 мамырға дейін қалған 4 облысты да Электронды декларациялау орталығына қосу жоспарланған.

Декларациялар тәулік бойы беріледі, оларды сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларына таныс емес инспекторлар қарайды.

Нәтижесінде, 2020 жылғы 15 қыркүйек - 2021 жылғы 16 сәуір аралығындағы кезеңде Электрондық декларациялау орталығы тарапынан 3 млрд теңгеден астам кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу жүргізілген.


Жоғары қарай