Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Электронды үкімет сервисі Aitu қосымшасымен интеграцияланды

2021 жылдың 31 шілде 2021 01:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Электронды үкімет сервисі Aitu қосымшасымен интеграцияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ға сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта платформада eGov.kz порталындағы тұрғылықты жері туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, әртүрлі медициналық ұйымнан анықтамалар, шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексеру туралы анықтама, кепіл туралы анықтаманың барлық түрлерін қоса алғанда, ең сұранысқа ие көрсетілетін қызметтерге қолжетімді, сондай ақ ХҚКО-да кезекті брондау қызметі де бар.

«Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынған мультиплатформалық тәсіл векторын ұстануды жалғастыра отырып, біз өз қызметтерімізді танымал қосымшалар қатарына шығарумен шекарамызды одан әрі кеңейткіміз келеді. Бізде қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына шығарған сәтті кейс бар. Осылайша, біз халықтың мемлекеттік қызметтерді қолайлы алаңда алатындай таңдау жасауын ұсынуға ұмтылудамыз»,- дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Сервисті пайдалану үшін Aitu-ды жүктеп, оған тіркелу қажет және «Қосымшалар» бөлімінде eGov-ты таңдау керек немесе бөлімнің жоғарғы бөлігіндегі баннерді басу қажет. Әрі қарай авторлану қажет, өзіңізге қажетті көрсетілетін қызмет түрін таңдап, бір минут ішінде жауап аласыз. Сервис Aitu платформасының мобильді нұсқасында қазақ және орыс тілінде қолжетімді.

Көрсетілетін қызмет елде және одан тыс жерлердегі барлық қазақстандықтарға қолжетімді. Басты талабы — мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу қажет. Егер пайдаланушы МАБ - та тіркелмеген болса, онда еGov-та жеке кабинетінде логин мен парольді енгізу қажет немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы шығарылған Digital ID сервисі арқылы жеке тұлғаны қашықтан сәйкестендіру қызметін пайдаланады.

«Біз Aitu құндылығын арттыруда тұрақты жұмыс істеудеміз. Бұл жолы жұмысқа орналастыру, БЖЗҚ шотындағы қолжетімді соманы тексеру, сапарларға дайындық және т.б. өмірлік жағдайларды шешуге қатысты көрсетілетін қызметтерге баса назар аудардық. Біз Aitu-дың көмегімен кез келген жерде, кез келген уақытта және кез келген құрылғыда ақпарат пен көрсетілетін қызметтерге қазақстандықтардың белсенді түрде қолжетімділіктерінің болғанын қалаймыз», - деді BTS Digital компаниясының продакт менеджері Нұрсұлтан Ахметов.

Aitu-дағы eGov сервисі «ҰАТ» АҚ мемлекеттік контурының ішінде орналасқан, BTS Digital компаниясы дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырмайды.


Жоғары қарай