Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Электрондық еңбек биржасы: 273 мың адам жұмысқа орналасты

2020 жылдың 8 шілде 2020 08:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 6 айда Электрондық еңбек биржасы (ЭЕБ) порталы арқылы 155,7 мың адам тұрақты жұмысқа және 117,6 мың адам уақытша жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім еткендей, ЭЕБ іске қосылған сәттен бастап (2018 жылдың басынан бері) портал арқылы 1,25 миллионнан астам адам еңбекке орналасқан. Оның 895 мыңы – тұрақты жұмыс орны.

Сонымен қатар, 226 мыңнан астам жұмыс беруші 2 млн бос жұмыс орнын жариялаған, 1 млн 88 мың жұмыс іздеуші 1,46 млн түйіндеме қалдырған. Бүгінгі күні порталда 58 мың бос жұмыс орны және 199 мың түйіндеме өзекті.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ талдауына сәйкес екінші тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыс іздеушілер арасында ең көп түйіндеме кеңсе-менеджер, жол жөндеу жұмысшысы және автомобиль жүргізушісі бағыттары бойынша орналастырылған. Өз кезегінде жұмыс берушілерге жол жөндеу жұмысшылары, автокөлік жүргізушілері мен күзетшілер қажет.

«Естеріңізге сала кетейік, ЭЕБ порталын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Елбасының тапсырмасы бойынша әзірледі және 2018 жылдың қаңтарында пайдалануға берілді. ЭЕБ негізгі мақсаттарының бірі азаматтарға жұмысқа орналасуға, жұмыс берушілерге – қызметкерлерді іздестіру мен іріктеуге көмек көрсету болып табылады. ЭЕБ-ға мемлекеттік Жұмыспен қамту орталықтарынан, сондай-ақ жұмыс берушілерден, жеке агенттіктерден және онлайн-алаңдардан келіп түскен бос жұмыс орындары мен түйіндемелер шоғырландырылады. Бүгінгі таңда ЭБТ-ға халықты жұмыспен қамту жөніндегі 203 орталық, 6 интернет-алаң, 4 БАҚ, 54 жеке жұмыспен қамту агенттігі қосылды», - деді министрліктен.


Жоғары қарай