Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Электрондық коммерцияның үлесін 10 пайызға арттыруға мүмкіншілік бар - Бақыт Сұлтанов

2020 жылдың 18 ақпан 2020 10:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда электрондық коммерция үлесін 10 пайызға арттыруға мүмкіншілік бар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы Электрондық коммерцияны дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған жол картасы әзірленіп, қабылданды. Бұл құжаттағы шаралар 3 бағыт бойынша құрылымдалған. Бірінші - электрондық саудада экспортты арттыру. Екінші - отандық кәсіпкерлерді электрондық саудаға тарту және инфрақұрылымды дамыту. Үшінші - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және электрондық сауданы ілгерілету», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылғы жазда электрондық сауда үлесін 5 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылған.

«Алайда, Сауда және интеграция министрлігі құрылған кезден бергі уақытқа біз қосымша талдау жүргіздік. Нәтижесінде электрондық коммерция үлесін 10 пайыз дейін арттыруға болады деген амбициялық мақсатты алдыға қоюға барлық мүмкіншілік бар деп санаймыз», - деді Бақыт Сұлтанов.


Жоғары қарай