Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Электрондық үкімет» порталында айыппұлды төлеуге болады

2020 жылдың 7 шілде 2020 22:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Электрондық үкімет» порталында әкімшілік айыппұлды, сондай-ақ жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлды табу және оларды төлеу мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясына сілтеме жасап.

eGov.kz порталында тіркелген және ЭЦҚ бар пайдаланушылар айыппұлдарды үйден шықпай-ақ төлей алады. Қызмет жеке тұлғаларға қолжетімді.

«Айыппұлдарды онлайн төлеудің артықшылығы – пайдаланушы үйден шықпай-ақ құқық бұзушылық құрамымен танысып, төлей алады, бұл ретте чек Жеке кабинетте сақталады. Одан басқа, құқық бұзушылық болған кезде түсірілген суретті алу мүмкіндігі бар, ол салынған айыппұлдың заңдылығына көз жеткізуге көмектеседі», - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Порталда «Әкімшілік айыппұлдар мен жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды іздеу және төлеу» қызметін алу үшін басты беттегі «Көлік және коммуникация» бөлімін таңдап, одан кейін «Автомобиль көлігі»санаты бойынша басу қажет. Порталда авторизациядан өтіп, «Онлайн төлеу» батырмасына өтіңіз.

Айыппұлды іздеу үшін ЖСН немесе ТАӘ және туған күнін енгізу қажет. Айыппұлдар болған жағдайда пайдаланушының экранына орын алған бұзушылықтар, сондай-ақ өтініш берушінің деректері, бұзушылық біліктілігі, құқық бұзушылықты анықтаған орган, құқық бұзушылық жасалған (табылған) күні, хаттама жасалған күн, хаттама нөмірі, салынған айыппұл сомасы шығарылады. «Толығырақ» батырмасын басқан кезде алаңда құқық бұзушылықты тіркеу суреті пайда болады. «Төлеу» дегенді таңдап, ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қоя отырып, пайдаланушының жеке кабинетіне құқық бұзушылық үшін төленген чек бекітіледі.

«Азаматтар әкімшілік айыппұлдар мен ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдарды онлайн төлеп қана қоймай, сонымен қатар, ЖСН немесе жеке деректердің көмегімен құқық бұзушылықтарды үйден шықпай-ақ қадағалай алады. Қазынашылық шотына ақша аударуды банк 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асыратынын атап өтеміз. Қызмет көрсету нәтижесі төлем туралы электрондық чек болып табылады», делінген хабарламада.


Жоғары қарай