Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде 11 мамыр күні болатын шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 10 мамыр 2021 22:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 11 мамыр күні елімізде болатын шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де онлайн-көрсетілім форматында «ІІМ ЖОО-на қабылдау қағидалары туралы» брифинг өтеді. Спикерлер: Нұрышев Ақан Жақыпбекұлы – ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің Ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасының бастығы. Қарабеков Қанатбек Өмірзақұлы – ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті Ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасының жөніндегі аға инспекторы.

11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 25 жылдық мерейтойы аясында «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің және «Медиа дизайн» зертханасының арнайы аудиториясы ашылады.

11.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елордадағы департаментінің ғимаратында Бас прокурор мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтеді. Кездесу барысында Агенттік қызметінде қылмыстық іс жүргізудің үш деңгейлі моделін жүзеге асыру шараларының таныстырылымы өтеді.

Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай