Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде 354 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес - ДСМ

2021 жылдың 20 тамыз 2021 17:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 354 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда Білім және Ғылым министрлігі білім беру ұйымдарының 2021-2022 оқу жылын дәстүрлі штаттық оқыту режиміне көшу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта әкімдіктермен бірігіп, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер осы мектептердің оқу жылына дайындығын тексеруде. Соның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай келуі тексеріледі», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында,

Оның атап өтуінше, мектептердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын, мектепке келген балалардың ара қашықтығын сақтауына арналған белгілердің және санитайзерлердің бар болуын, мектепке кіре берістегі бақылау қалай жүргізілетінін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Бүгінгі таңда 354 мектеп дайын емес екендігін көрсетті. Бұл тексерулер 25 тамызға дейін жүргізілетін болады», - деді Ажар Ғиният.


Жоғары қарай