Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елімізде 5 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 19:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі 5 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

12-14 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде және солтүстікте тұман түсуі мүмкін. Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Талдықорғанда ертең түнде және таңертен тұман түседі.

12 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың оңтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін.

12 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Қызылорда қаласында ертең кей уақыттарда тұман түседі.

12 қаңтарда Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкінкүтіледі.

Атырау қаласында ертең түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

12 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында және орталығында тұман түсуі мүмкін.

Ақтауда ертең түнде және таңертең тұман түседі.


Басты сөздер: Ауа райы,
Жоғары қарай