Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде 9 айда еңбек заңнамасы 8 мың рет бұзылған - Төлеген Оспанқұлов

2021 жылдың 22 қазан 2021 14:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов еңбек заңнамасын бұзудың ресми статистикасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылдың 9 айында мемлекеттік еңбек инспекторлары 8 мыңнан астам заңсыздықты анықтады. Олардың 30%-ы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына тиесілі, Атап айтқанда, қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етпеу (695 немесе 27%); жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі бойынша оқыту мен нұсқамалықты өткізбеу (361 немесе 14%); жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен, арнайы киіммен және арнайы аяқ киіммен қамтамасыз етпеу (142 немесе 5,6%); еңбекті қорғау бойынша қызметтің немесе жауапты тұлғаның болмауы (54 немесе 2,1%)», - деді Бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

Төлеген Оспанқұловтың мәліметі бойынша, осы заңсыздықтарға жол берген жұмыс берушілерге 2,7 мыңнан астам ұйғарым беріліп, 189 млн теңге сомасына 1 мыңнан астам айыппұл салынған.

«Құқық бұзушылыққа кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау үшін құқық қорғау органдарына 777 материал жіберіліп, олар бойынша 102 қылмыстық іс қозғалды», – деді Төлеген Оспанқұлов.


Жоғары қарай