Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде азық-түлік бағасы қымбаттады

2020 жылдың 9 қазан 2020 23:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –2020 жылғы тоғыз айда ауылшаруашылық құралымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 7,9%, өсімдік шаруашылығы өнімі - 10,3%, мал шаруашылығы өнімі - 0,7% қымбаттады. Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Комитеттің хабарлауынша, 2020 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда баға бидайға 2%, арпаға - 1,4%, сұлыға - 1%, тарыға - 0,6% өсті.

Баға қиярға 7%, бақша дақылдарына - 1,6%, пиязға - 0,6% өсті, ал асханалық қызылшаға 2,6%, қызанақ және қырыққабатқа - 1,3%-дан, картоп және асханалық сәбізге - 1,1%-дан төмендеді. Кептірілген бұршақ 2,7%, кептірілген жасымық - 1,3%, азықтық дақылдар және майлы тұқымдары - 1,1%-дан қымбаттады, ал жүзім 1,3%, жемістер және
жидектер - 1,2% арзандады.

Жылқы және құс еті 1%-дан, ірі қара мал еті - 0,5%, қой еті - 0,4% қымбаттады. Баға жұмыртқаға 7%, балға - 1,1%, шикі сиыр сүтіне - 0,9% өсті.


Жоғары қарай