Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде азық-түлік қоры жеткілікті – ҚР АШМ

2021 жылдың 19 мамыр 2021 17:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің азық-түлік тауарларының негізгі 32 санатымен қамтамасыз етілуіне апта сайын мониторинг жүргізіп отырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мониторинг барысында тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қорлар апта сайын бақыланады.

Өңірлердің 13 мамырдағы деректері бойынша, республикада жалпы көлемі 1,2 млн тонна болатын түрлі азық-түлік тауарлар қоры бар. Оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда – 625,2 мың тонна, қоймаларда – 173,2 мың тонна, сауда желілерінде – 345,1 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 19,6 мың тонна қор бар.

Бұдан бөлек, 319,9 млн дана жұмыртқа және 5,6 млн тонна азық-түлік бидайы бар.

«Айта кету керек, азық-түлік өндірісі артып келеді және қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан, азық-түлік тапшылығы жоқ және болмайды да»,-делінген хабарламада.


Жоғары қарай