Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде балаларды сауықтыру лагерьлерін тексеру басталды

2021 жылдың 22 мамыр 2021 14:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары балаларды сауықтыру лагерьлерін тексеруге кірісті. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысына сәйкес республиканың аумағында балаларды сауықтыру лагерьлерінің қызметіне рұқсат етіледі. 17 мамырдағы жағдай бойынша республика аумағындағы 11 балаларды сауықтыру ұйымы санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алды. Атап айтқанда, Алматы облысында – 1, Павлодар облысында – 1, Түркістан облысында – 1, Ақтөбе облысында – 2, Қызылорда облысында 6 балалар лагерінің қызметіне рұқсат берілген.

«Балалар лагерьлері (жыл бойы жұмыс істейтін ұйымдарды қоспағанда) сауықтыру маусымы басталғанға дейін нысанның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алуға міндетті. Жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру ұйымдары санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ысанды пайдалану мерзімі басталғанға дейін бір рет алады», -деп атап өтеді комитеттен.


Жоғары қарай