Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде бензинмен қамту жағдайы тұрақты – Энергетика министрлігі

2021 жылдың 12 қазан 2021 16:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бензинмен қамту жағдайы тұрақты. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір елімізде бензин бойынша жағдай тұрақты. Қазан айында шамамен 304 мың тонна 92 маркалы бензин өндіру жоспары тұр. Оның ішінде Атырау зауытында 130 мың тонна, Шымкент зауытында 153 мың тонна және Павлодар мұнай-химия зауыты 20 мың тоннаға жуық өнім шығаруы тиіс. Айдың басындағы қолда бар бинзин қорын есепке ала отырып, ол шамамен 230 мың тонна өнім, ішкі нарықты қамтимыз деп ойлаймын. Біздің болжам бойынша бензинді тұтыну шамамен 340 мың тоннаны құрайды. Демек қазан айында бензин жағдайы қалыпты болмақ. Бұған дейін қараша-желтоқсан айларында аталған өнім түрін экспорттауды жоспарлаған едік», - деді Әсет Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, министр орынбасары бүгінде елімізде дизель отынына сұраныстың артқанын айтты.

«Биыл елімізде дизель өндіру 2015 жылдан бері жоғары көрсеткішке жетіп 4,9 млн тоннаны құрады. Әсіресе тамыз-қыркүйек айларында аталған отын түрін тұтыну жоғары деңгейге жетіп шамамен 520 мың тоннаны құрап отыр. Бұрын соңды ішкі нарықта бұндай көрсеткіш тіркелмеген», - дейді ол.

Бұған дейін вице-министр елімізде дизель тапшылығы мәселесінің қалай шешіліп жатқанын айтып берді.



Жоғары қарай