Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елімізде ет көлемінің өндірісі 3,6 пайызға өсті

2020 жылдың 26 мамыр 2020 11:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мал шаруашылығы секторында 4 пайыз деңгейінде тұрақты өсім сақталып отыр. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылдың қорытындысы бойынша жалпы өнім 2,3 трлн теңгеге дейін өсті. Несиелендіру және қосымша субсидиялау арқылы былтыр жүзеге асырылған шаралар өзінің оң нәтижесін берді. Биылдың төрт айы бойынша ауыл шаруашылығы малдарының өсімінің оң динамикасы байқалады: ірі қара малы 4,1 пайызға, қой мен ешкі 2,7 пайызға, жылқы 7,6 пайызға өсті», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, ет көлемінің өндірісі 3,6 пайызға өсіп, 314 мың тоннаны құрады, сондай-ақ сүт өндірісі 3,2 пайызға өсіп, 1,5 млн тоннаны құрады. Жұмыртқа өндірісі сыртқы нарықта сұраныстың төмендеуі салдарынан 6 пайызға (1,6 млрд дана) азайып отыр.

«Қайта өнделген мал өнімдерін өндіру де көлемі артып отыр. Мәселен, шұжық өнімдері 20,9 пайызға(18,8 мың тонна), ет консервілері 9 пайызға (3 мың тонна), өнделген балық 51,3 пайызға (3,9 мың тонна) өскен. Сүт өнімдері бойынша орташа өсім 10 пайыз деңгейінде сақталып отыр. Тек өнделген сүт өндірісінің көлемі карантин кезіндегі сұраныстың төмендеуінен және негізгі шикізатты ұзақ мерзімге сақталатын сүт өнімдеріне бағдарлауға байланысты төмендеп отыр», - деді С. Омаров.


Жоғары қарай