Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде қанша педагог тапшы екені белгілі болды

2021 жылдың 13 қараша 2021 16:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республика бойынша педагогтерге қажеттілік 3733 адамды құрады. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республика бойынша педагогтарға қажеттілік 3733 адамды құрайды, оның ішінде қалалық жерлерде – 1863 (49,9%), ауылдық жерлерде –1870 (50,1 %). Педагогикалық кадрларға қажеттілікті өтеу, сондай-ақ педагогикалық білім берудің тартымдылығын арттыру шараларының бірі – педагогикалық бағытта оқитын студенттердің стипендиясын арттыру», - делінген Үкімет басшысының сауалға берген жауабында.

2020 жылдан бастап студенттердің стипендиясы 20 948 теңгеден 26 186 теңгеге дейін, ал педагогикалық бағытқа 42 мың теңгеге дейін, 2021 жылы 26 186 теңгеден 31423 теңгеге дейін, педагогикалық салаға 50 400 теңгеге дейін артты.

Айта кетейік, биыл қазан айында сенатор Ақылбек Күрішбаев өзінің депутаттық сауалында ауыл жастарының жоғары білімге қол жеткізу проблемасын айтты.

Онда ауылды жерлерде педагогтардың тапшылығы мәселесі де көтерілді.


Жоғары қарай