Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Елімізде келесі жылға арналған тегін дәрілерді сатып алу басталды

2019 жылдың 22 қыркүйек 2019 15:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2020 жылға сатып алынатын жалпы сомасы 66,5 млрд теңгеге препараттардың 308 атауы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «СҚ-Фармация» ЖШС-іне сілтеме жасап.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, тендер нәтижелері 6 қарашада шығарылатын болады және жылдың соңында медикаменттер бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына түседі.

«СҚ-Фармация» ЖШС-ның басқарма төрағасы міндетін атқарушысы Берік Шәріптің айтуынша, ТМККК аясында және МӘМС жүйесінде 2020 жылға тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 1318 атауы бекітілді.

«Пациенттерді амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 576 медициналық ұйымнан 114,6 млрд теңге сомасына және стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 1137 медициналық ұйымнан 118 млрд тенге сомасына алдын ала өтінімдер келіп түсті», - деді Берік Шәріп.

2020 жылға арналған медикаменттердің жалпы тізімінен 596 атау отандық фармөндірушілерден сатып алынатын болады. Қалған препараттардың республикада тіркелген аналогтары жоқ. сондықтан қазіргі уақытта оларды өндірушілерге шарттарды делдалсыз, тікелей жасау үшін шақырту жолданады.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Медицина, Қоғам,
Жоғары қарай