Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 3,1 есеге азайды

2021 жылдың 14 желтоқсан 2021 09:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдар саны 3,1 есеге азайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикада оң ПТР тестімен коронавирус инфекциясының 980 372 жағдайы және теріс ПТР тестімен 83 437 жағдайы тіркелді. Науқастардың 96 пайыздан астамы сауығып шықты», - деді Алексей Цой.

Оның атап өтуінше, репродуктивті сан – 0,89 және тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендегені байқалады.

«Жалпы Қазақстанда соңғы айда ауырған адамдардың саны 3,1 есеге азайды. Стационарлық және амбулаториялық ем алып жатқандардың саны 1,7 есеге қысқарды. Инфекциялық төсектердің қамтылуы 23, реанимациялық төсектер 20 пайызды құрайды», - деді министр.


Жоғары қарай