Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде күніне 4,5 мың онлайн процесс өтіп жатыр - Жоғарғы сот төрағасы

2020 жылдың 23 қазан 2020 11:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде күніне 4,5 мың онлайн процесс өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР судьяларының VIII съезінде Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот шешімдері мен үкімдер сапасы бойынша сот шешімдерінің жаңа форматын енгіздік. Алғаш рет екі тілде үлгілер жинағын шығардық. Судьяларға үкім жариялана салысымен мұндай шешімді неліктен қабылдағанын түсіндіруді міндеттік. Судьяларға шешімді қалай дайындау керектігін және оларды процесс қатысушыларына қалай түсіндіру керектігін үйретіп жатырмыз. Нәтижесінде шешімдер мен үкімдерге байланысты жоғары тұрған сотқа шағымдар 30 пайызға қысқарды», - деді Жақып Асанов.

Сонымен қатар ол елімізде 230 сотта фронт-кеңселер ашылғанын айтты.

«Бірыңғай стиль. Кіреберісте консультант. Медиаторлар, нотариус, адвокат кабинеттері. Төтенше жағдайдың алғашқы күнінен қашықтан жұмыс істеу режиміне көштік. Көптеген елдердегідей жұмысты тоқтатқан жоқпыз. Егер төтенше жағдайға дейін күніне 150 онлайн-процесс өтсе, қазір 4,5 мыңға жетті. Бұл 30 есе көп. Көпшілік бұл барынша ыңғайлы әрі шығыны аз екендігін айтуда», - деді Жоғарғы сот төрағасы.


Жоғары қарай