Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде мал шаруашылығы өнімдерінің өсімі артты

2020 жылдың 20 қазан 2020 09:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылғы қаңтар–қыркүйекте мал шаруашылығы өнімдерінің өсімі 1,9 трлн теңгені құрап, инфляцияны есепке алғанда бір жыл ішінде 2,7% - ға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңір бойынша алғанда мал шаруашылығы өнімдерін шығарудың ең көп көлемі Алматы облысына (291,3 млрд тг) тиесілі болды. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы (260,5 млрд теңге), үшінші орында Түркістан облысы (216,5 млрд теңге) аяқтайды.

Биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанда 8,2 млн бас ірі қара малы болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5% -ға артық. Олардың 4 миллионы – сиыр.

Қойлар саны 19,5 миллионды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5% көп. Елде жылқылардың саны 9,1%-ға (3,1 млн), ешкі 0,6%-ға (2,5 млн), шошқа 0,2%-ға (1 млн дейін артқан. Үй құстары, керісінше, 2,8%-ға азайып, 46,1 млн болған.

Сиыр сүтін өндіру 3,1% -ға (4,8 млн. тоннаға), қырқылған қой жүні 2,5% - ға, (39,4 мың тоннаға) , ірі қара терілері 2,6% - ға, (2,2 млн данаға) дейін артқан. Қозы терілерінің өндірісі 13%- ға, тауық жұмыртқасы 5,5% - ға дейін төмендеген.


Жоғары қарай