Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде мектептердің 99 пайызы бейнебақылау жүйесімен жабдықталды

2020 жылдың 20 қазан 2020 12:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда мектептердің 99 пайызы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің басшысы Гүлзат Көбенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аумақтық департаменттер мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйесімен және санитарлық-гигиеналық тораптармен қамтамасыз етілуіне мониторинг жұмысын жүргізді. Мемлекет басшысы орта және мектепке дейінгі білім берудің барлық ұйымдарын бейнебақылаумен жүйесімен жабдықтау туралы тапсырма берген болатын. Мониторингпен 7 127 мектепке дейінгі білім беру ұйымы қамтылды. Нәтижесінде бүгінгі күні олардың 20-сында бейнебақылау жүйесінің жоқ екендігі анықталды. Түркістан, Алматы облыстарындағы, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың 507-сінде бейнебақылау жүйесі болмай шықты», - деді ол министрліктің аппарат кеңесінде.

Оның айтуынша, елімізде 6 971 мемлекеттік мектеп бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Ал 72 мектепте мұндай жүйе әлі күнге орнатылмаған.

«Іс жүзінде бүгінде бейнебақылау жүйесімен жабдықталған білім беру ұйымдарының үлесі 2018 жылғы 75 пайыздан 99 пайызға дейін жетті. Дегенмен, Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰББДҚ) мәліметтермен сәйкессіздіктерге назар аудартқым келеді. ҰББДҚ орта білім берудің небәрі 6 ұйымында ғана бейнебақылау жүйесінің жоқ екендігін көрсеткен. Бұл орайда Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Алматы облыстары өз көрсеткштерін дұрыс көрсетпеген», - деді Гүлзат Көбенова.

Сонымен қатар комитет басшысының айтуынша, еліміздегі жекеменшік мектептер толықтай бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Дегенмен, Алматы мен Батыс Қазақстан облыстары олардың талапқа сай келуіне назар аударулары қажет.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Білім, Қауіпсіздік,
Жоғары қарай