Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Елімізде менингитке қатысты ахуал қандай

2019 жылдың 18 қазан 2019 14:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшин елімізде елімізде менингит ауруына қатысты ахуалдың қандай екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда бізде менингококк инфекциясын жұқтыру бойынша 50 жағдай тіркелді. Өткен жылы 83 еді. Яғни, бүгінгі күні менингит жұқтыру деңгейі 47 пайызға азайды», - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің айтуына қарағанда, менингитке шалдығу жағдайы бақылауда. Халыққа төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ.

«Қазақстан бойынша менингитке шалдығудың көпжылғы орташа деңгейі - 2,1 пайыз. Қазіргі уақытта орташа деңгей - 0,2 пайыз. Осыдан-ақ қазіргі уақытта менингит инфекциясын жұқтыру деңгейі қаншалықты азайғанын байқауға болады», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жандарбек Бекшин екпе алмаған балалар балабақшаға кіргізілмейтінін мәлім еткен еді.

Жоғары қарай