Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елімізде «Pfizer» вакцинасымен қанша жасөспірім егілді

2021 жылдың 18 желтоқсан 2021 08:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия мәліметіне сәйкес, 2021 жылдың 17 желтоқсанындағы жағдай бойынша «Pfizer» препаратының І дозасын – 205 911, ІІ дозасын 34 293 адам салдырды.

Оның ішінде егілді:

І компонентпен

Жасөспірімдер – 163 438,

Жүкті әйелдер – 12 344,

Бала емізетін әйелдер – 30 114.

ІІ компонентпен

Жасөспірімдер – 25 926,

Жүкті әйелдер – 2 474,

Бала емізетін әйелдер – 5 891.


Жоғары қарай