Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде пойыздар 48 бағытта жолаушы тасымалдап жүр

2020 жылдың 26 тамыз 2020 20:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда елімізде пойыздар 48 бағытта жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көлік комитетінің ақпаратына қарағанда, Қ азақстанда 5 шілдеден бастап 42 облысаралық және қала маңындағы пойыздардың жүруі уақытша тоқтатылып, 7 пойыздың жүру мерзімі қысқартылды.

Қазіргі уақытта Санитарлық қорғау шараларын міндетті түрде сақтай отырып, 48 бағытта пойыздар жүреді.
«Жолаушыларды тасымалдау кезінде мынадай шаралар қамтамасыз етілді:
жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде жолаушылар арасындағы қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) сақтауды қамтамасыз ету; жолаушылардың жеке қорғаныс құралдарының (бетперделер) міндетті түрде болуын және алып жүруін бақылау; жолаушыларды дауыс зорайтқыш байланыс бойынша жолаушылар қозғалысын шектеу талаптары туралы хабардар ету; жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинау жұмысын жүргізу; жолсеріктерді медициналық бетперделермен қамтамасыз ету; қалыптастыру пункттерінде жылжымалы құрамды дезинфекциялау», делінген хабарламада.

Еске слаа кетсек, Қазақстанда шектеу шараларын жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды.

31 тамыздан бастап қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздардың, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат берілді.


Басты сөздер: Көлік, ҚТЖ,
Жоғары қарай