Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде тұрғын үй қорын басқаратын бірыңғай оператор құрылады

2021 жылдың 23 ақпан 2021 09:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда тұрғын үй қорын басқаратын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін жариялаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалдау ақысын субсидиялау тетігін іске асыру үшін «Отбасы банкі» өкілетін күшейту ұсынылады. Бұл механизмде, сондай-ақ, жалға берілетін тұрғын үй пулдарын қалыптастыратын, тұрғын үй қорын басқаратын және жалға алушылармен шарт жасайтын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын іске қосу ұсынылады», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Сонымен қатар ол жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысынан 21 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жалға алуды субсидиялау ұсынылып отырғандығын айтты.


Жоғары қарай