Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еліміздегі энергия көздерінің отын қоймаларында 3,3 млн тонна көмір бар

2021 жылдың 5 наурыз 2021 15:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергия көздерінің отын қоймаларында 3,3 млн тонна көмір және 106,2 мың тонна мазут жинақталған. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылыту кезеңі штаттық режимде өтіп жатыр, тұтынушылар электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етілген. Республика бойынша ірі технологиялық ереже бұзушылық тіркелген жоқ», - деді Н. Ноғаев министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, тұтастай алғанда, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы барлық жылу электр орталықтары мен қазандықтар жылу энергиясын жылу желілеріне берудің температуралық графиктерін сақтап келеді. 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша энергия көздерінің отын қоймаларында 3,3 млн тонна көмір және 106,2 мың тонна мазут жинақталған, бұл бекітілген нормаларға сәйкес келеді.

Бұдан бөлек министр көмірсутегі бойынша жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіру, газ және газбен жабдықтау саласында 2020 жылы 170 бақылау іс-шарасы өткізілгенін айтты.

«Жер қойнауын тиімсіз пайдаланғаны үшін 2020 жылы 694 млн теңгеге айыппұл салынды. 108 лицензия берілді, олар бойынша лицензиялық алым сомасы 8,5 млн теңгені құрады (бюджетке кіріс). Сонымен қатар 2020 жылы шикі газды алау етіп жағуға 208 рұқсат берілді және 10 газ желісі ұйымы (барлығы 90 ұйым) аккредиттелді», - деді Н. Ноғаев.


Жоғары қарай