Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еліміздегі мамандандырылған ХҚКО-лар қызметі қайта жанданды

2021 жылдың 26 мамыр 2021 23:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша қызмет көрсету қайта жандандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ сілтеме жасап.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ақпараттық жүйелерінің техникалық ақаулықтарын жойғаннан кейін халыққа қызмет көрсету орталықтары мен «Электрондық үкімет» порталында автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қайта басталды.

27 мамырдан бастап азаматтар оларды мамандандырылған ХҚКО-ларда штаттық режимде ала алады.

Сондай-ақ ІІМ тиісті қызметтері техникалық жабдықтың ақаулығына және халыққа аталған қызметтерді көрсетудің мүмкін еместігіне әкеп соққан себептерді анықтау бойынша тексеру жүргізетінін хабарлады.

Еске салсақ, 25 мамырда техникалық ақауларға байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсету тоқтатылған болатын.



Жоғары қарай