Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Еліміздегі тағы бір банктің мобильді қосымшасы интернетсіз жұмыс істейді

2022 жылдың 9 қаңтар 2022 10:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сбер Банк Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) мен Қазақстан Ұлттық банкінің көмегімен мобильді қосымшаның жұмысы қалпына келтірілгенін, енді оның интернетсіз жұмыс істейтінін хабарлайды.

Банк филиалдарының бас офистерінің бөлімшелеріндегі банкоматтарды Қазақстанның барлық аймақтарында штаттық тәртіпте қолдануға болады, ал Алматы және Алматы облысында банкоматтардың жұмысы елдегі жағдай тұрақталғанда қалпына келтіріледі.

Сондай-ақ Банк терроризмге қарсы операциялар барысында қаза тапқан әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатарындағы клиенттердің қолданыстағы несиелерін кешіреді.

Сбер Банк қайтыс болған азаматтардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Сонымен қатар қаңтар айының соңына дейін заңды және жеке тұлғалардың несиелері бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуді тоқтату туралы шешім қабылданды.

Бұған дейін белгілі болғандай, Халық Хоумбанк пен Каспидің төлем сервистерін қолдануға болады.
Жоғары қарай