Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 20:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 17 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с

Күндіз 17 қыркүйекте Маңғыстау облысының орталығында және оңтүстік-шығысында, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығысында соғатын жел, күші түнде орталығында және облыстың батысында, күндіз орталығында және облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м / с, облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді.

Түнде 17 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады.

Күндіз 17 қыркүйекте Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.


Басты сөздер: Ауа райы, Қоғам,
Жоғары қарай