Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

2020 жылдың 21 қараша 2020 06:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» мамандары 21 қараша күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның мәліметінше, сенбі күні еліміздің алты қаласында - Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Алматы, Нұр-Сұлтан және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Басты сөздер: Қазгидромет, Экология,
Жоғары қарай