Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 19:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда 22 қаңтарда ауа температурасы түнде 0-5, кей жерлерде 8 градус аяз болады. Солтүстік аудандарда минус 13-18 градусқа дейін күрт суытады.

23 қаңтар күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қалың қар жуады. Кей жерлерде бұрқасын соғып, тұман түседі, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Күндіз таулы аудандарда жел қарқыны 30 м/с және одан қатты күшейеді. 22 қаңтарда Түркістан қаласында ауа температурасы күндіз минус 6-8 градусқа дейін күрт төмендей ді.

22 қаңтар таңертең және күндіз Шымкентте қалың қар жауады . Күндіз ауа температурасы 3-5 градус аязға дейін суытады.

22-23 қаңтарда бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 25 м/с жетеді.

22-23 қаңтарда бұрқасын, оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 25 м/с желдің күшеюі күтіледі.

22 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады. К үндіз кей жерлерде жел жылдамдығы - 15-20 м/с.

22 қаңтарда Қызылорда облысында ауа температурасы түнде 15-20 градус аяз болады. Күндіз минус 3-8, кей жерлерде -11 градусқа дейін күрт төмендей ді.

Облыстың кей жерлерінде тұман түседі, боран соғады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, жел қарқыны кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

Күндіз 22 қаңтарда Талдықорған қаласында көктайғақ болады. Батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

22 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. 22 қаңтар түнде және таңертең Орал қаласында да күн тұманды.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай