Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еліміздің әскери қызметшілері «Мызғымас бауырластық-2021» бітімгершілік оқу-жаттығуына қатысуда

2021 жылдың 9 қараша 2021 07:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясында ҰҚШҰ бітімгершілік күштері арасында «Мызғымас бауырластық-2021» оқу-жаттығуының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Әскери маневрлерге Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның бітімгершілік бөлімшелері қатысады. Олардың негізгі мақсаты – бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің құрамына кіретін әскери бөлімдер мен бөлімшелердің үйлесімділігін арттыру.

Біріккен әскери контингент бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияны дайындау мен жүргізу бойынша тапсырмаларды пысықтайды. Олар гуманитарлық жүктерді алып жүру, жерлерді патрульдеу, дағдарыс аумағында шиеленістерді реттеу үшін тосқауыл бекеттерін ұйымдастыру және елді мекенді бұғаттау. Бұған қоса, бітімгерлер босқындар лагері мен тексеру пунктеріндегі жұмысты ұйымдастыруда тәжірибе жинақтайды.

Бұл оқу-жаттығуға ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қарулы күштері мен құқық қорғау органдарының 1,7 мыңнан аса әскери қызметшісі, сондай-ақ 300-ден астам жауынгерлік техника, Ми-8 және Ми-24 тікұшақтары жұмылдырылды.

Жоғары қарай